Арам «досым»
07 Jun 2011 Пікіріңізді қалдырыңыз
Анам мен үшін ең қымбат, ең асыл жан еді… Ал қазір ең асыл әрі ең жақыным, тіпті анамнан, отбасымнан да ыстық арақ деген айнымас досым бар. Ол мені әрқашан түсінеді, менің қасымда болғанды жақсы көреді. Сол досты тапқалы бері отбасымның шаңырағы шайқалды. Сүйіп қосылған жарымды ұнатпадым, ұрыстым, ұрдым, аямадым. Балаларымды да таяқтың астына алдым. Неге екенін өзім де білмеймін. Мүмкін «досым» білер? More
Менің бақытым
07 Jun 2011 Пікіріңізді қалдырыңыз
Енді бір үйде 5 қыз болдық. Кеше анам өмірге тағы бір періште баланы алып келді. Бөбекті көрмесемде, өзін сондай жақсы көремін.. Әрине, бәріміз ұрпақ жалғасы ұл болғанын қаладық. Бірақ Алланың бергеніне шүкір дейміз. Аман-есен болғанына қуанамыз. Өмірде жақсы адамның бірі болсын. More
мен туралы
07 Jun 2011 Пікіріңізді қалдырыңыз
Аты-жөнім: Тоқбергенова Даяна Қайырболатқызы
Туған күнім: 06.10.1990ж
Туған жерім: Жамбыл облысы Қаратау қаласы
Оқу орным: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті
Отбасымда: атам, әкем, анам және менімен 5 қыз
Жек көрер қасиеттер: жағымпаздық, өтірік сөйлеу, мақтаншақтық
Жақсы көрер қасиеттер: шынайылық, тазалық (2 мағынасында да)
Құтқара алмадым
06 May 2011 1 пікір
Бір құлап, бір тұрып, қатты қайғырып қыз жүгіріп келеді. Көзінде қорқыныш білінгенімен де, батылдық қорқыныштың орнын басқандай. Ызалы, өкпелі, тапталған, ендігі өзі мүжілгендей. Бірақ оны көрсеткісі келмейді. Көретін ешкім де жоқ, өзінен-өзі жасырады. Ыза мен кек бір арнада тоғысқан кезде ғана адам баласы осындай халде болатын шығар деп ойладым. Енді ғана тоқтап, солдаттарша қасқайып тұр. Бір нүктеге қадалып қарап тұрғанына біраз уақыт болды. Қазір көзіне кім көрінсе де, жағасына жармасып, өлтіретіндей ашулы күйде. Бірақ өзін-өзі бекем ұстайды, тіп-тік. Көзінде қайғының ізі бар, ернін тістелеп тастады. Анда-санда күбірлеп бірдеңелерді түсіндіріп, ақталып жатқандай көрінді. Қолдарын бір-біріне қысып тұрғаны соншалық, ортасында тас тұрса да, үгітіп жіберердей. Белгісіз қыздың дәл осы күйін ешкім көрмеді. Әрине, адам аяғы баспас таудың биігіне өзге пенделер не іздеп келсін?! Белгісіз қыз өмірде жете алмаған биігіне осылайша көтерілмек ойы болар. Қыздың неге мұнша қайғырғанын білмеймін. Білетінім, адам баласы ұсақтанып барады. Бірін-бірі ренжітуге асығады. Ал ренжіткен соң, сол реніштерін ұзатуға тырысады. Адамдар арам, ғашықтар сезімсіз, жақындар алыс, достар сатқын болып кеткен сияқты… Осы тұста: «Марқұмбыз бәріміз де- болашақта, Жер деген – адамзатқа алып қабір»- деген Жарасқан ақынның өлең жолдары ойға оралады. Өмір ұзақ болғанымен де, адамға берілетін ғұмыр қысқа. Сол қысқа ғұмырымызда тек жақсылық жасауымыз тиіс. Себебі, жамандық атаулыны тек жақсылықпен жеңуге болады. Қыз қасқайып әлі тұр. Енді ғана көзінен бір тамшы жас түсті. Тамшы тоқтаусыз жауынға айналды. Қанша күндер, қанша түндер бойы жиналған ыза мен кек нөсер болып көзден төгіліп тұр. Табиғатта байғұс қыздың жанын түсінгендей, дәл сол кезде нөсерлетті келіп. Қыз табиғаттың жауабын білген соң, бар даусымен айғайлап жылады. Бойына жиналған бар қайғы-мұңды осылайша шығармақ. Тау іші күңіреніп кетті. «Адамның көз жасы- көңіл жасы, жанының нөсері, сіркіреп-сіркіреп алса, көңілі көгереді»- дейді. Бірақ дәл қазір олай болмады. Қайғының түбіне шыға алмайтай түскен қыздың көңілі енді ашылмас. Неге бұлай болғандығынын себебін де біле алмаспыз. Бірақ адамдардың адамдарға жасаған қиянатының көрінісі еді бұл. Қыз жылаған күйі кетті. Биіктен құлап кетті. Ол қызды мен де құтқара алмадым. Себебі мен сол қызды тосып алған жартас болатынмын.
Керісінше формула
05 May 2011 2 пікір
Құттықтау, тілек айту – қазақтың қасиетті ісі. Бірақ бүгінгі күні джип мінер әкім-бастықтар мерекелерге арналған құттықтау сөздерін баспасөз бетіне көлдей ғып жариялап, елдің сөзі тұрмақ, өзін көрмейді. Келе қалғанның өзінде жылт еткен жұлдыздай екі ауыз сөзден соң ғайып болады. Міне, қызық. Ол да баяғы аңғал да батыр қазақтың баласы емес пе еді? Енді бауырларынан неге қашады? Мереке енді басталған сияқты еді. Наурыз тойын тойлауға барғандағы халықтың ойы осылай өрбіді. Наурыз- бай мен кедейді теңестіретін мейрам. Бірақ заманның ба, адамның ба өзгергені соншалық, кедей мен байдың теңелуі мүмкін еместей көрінеді. Бүгінгі күннің идеологиясы – «ақша тапта, байып қал». Ақша соңына ерген жұрт моральдық дүниелерді ойламайды,тек материалдық игіліктер. Осы тұрғыда ежелден келе жатқан Наурыз мерекесінде ел президентінен бастап, ауыл әкімдеріне дейін халықпен бірге үш күн ойнап, үш күн бірге жүрсе «Біз біргеміз» дейтін саясат сөз жүзінде емес, іс жүзінде мүмкін екендігіне халық көз жеткізер еді. Ал қазір облыс әкімі аудан орталығына, не ауылға келер болса, бір апта бұрын дайындалып, дөп бір пайғамбар ұлын қарсы алатындай бар жолды жауып, халықты үйден шығармайтын халге жеткізеді. Халық болмаса, кімге басшы болмақ?! Билікке халықтың арқасында жеткен басшы өзін халықтан биік ұстайды. Осылайша өз биігіне шыққан басшылар халықтың демеуімен емес, өзінің қиялымен жеткен болады. Ал халық ол кісіден төмен. Мүмкін, керісінше формула.
Айтпай-ақ қояйық…
05 May 2011 Пікіріңізді қалдырыңыз
Қазақ баласын әнмен тербетіп, жырмен өсірген халық. Содан болар, сөздің қасиетін біледі. Айтылған әрбір сөздің өз қайтарымы болатынан да естен шығармаған. Бала күнінен ертегі, аңыз-дастандар, батырлық жырларын естіп ер жеткенен кейін өз ұрпағына осы ауыз әдебиетін мұра етуші еді. Иә, мұра ететін… Ал қазір сол игі дәстүр неге екені белгісіз тоқтап қалды. Ойлап өкінбеңіз, себебі ауыз әдебиетіміздің жаңа түрі пайда болды. Ол- өсек.
Өсек- ешкімге ешқашан жақсылық әкелмеген, керісінше ақын Ж.Баласағұн айтқандай, «игілікті істі өсек бұзады». Өсек тек айтылған жерде қалмаған, талайлардың тағдырына тосқауыл болды, аяқтан шалды. Өсектің өзін сөз десек, сөздің құдіретін бұрыс жолда қолданып келеміз. Өсек бұрыннан бар емес пе дерсіз, бірақ бүгінгі күні өсек «өз биігіне» шығып алып, шалқайып жатқандай көрінеді. Бұл жөнінде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) хадисінде былай дейді: « сөз тасушы, өсекші адам жанатқа кірмейді». Тағы бір хадисінде: «шынайы мұсылман – тілімен және қолымен өзге мұсылман бауырларына зиянын тигізбеген адам» -дейді. Бір артық ауыз сөзіміз үшін бар мұсылман армандайтын жұмаққа бармасымызға кім кепіл…
Бір мысал жазушы Б.Нұржекеевтің шығармасында Нағима мен Беріктің қосылып бақытты болмауына осы елдің сөзі – өсек кінәлі еді. Нағиманы опасыз деп, Берік барса намыссыз деп табалаған да дәл сол елдің сөзі өсек болатын. Анығын білмей жатып, кінәлауға, жазғыруға дайын тұратын қай мініміз? Жай ғана ойламай екінші біреуге ал кеп өсектейміз. Дөп бір өзіміз кінәдан тазадай –ақ. Шындығында, оқиға мүлде басқа болып жатады. «Сөзі жалған кісінің жүзі төмен» дейтінді бұрын үлкендерден естуші едік, қазір өтірік, өсек айтқаны үшін ұялған бір адам жоқ сияқтанады. Айтылған сөзді жел алып кететіндей, ауызға төрт елі емес, бір қақпақ қоя алмай жүргеніміз өкінішті. Өсек пен өтірік егіз, бір-бірінен матап байлағандай. Екеуі ақын С.Сараи айтпақшы, «өсек сөз – жарақат сияқты, жазылса да орны қалады». Өзі туралы өсек естіген адам жазықсыз бола тұра, көңіліне қаяу түсіреміз. Өсек айтқанда әңгімемен шатастырамыз. Әңгіме- өсек емес. Өсек- ол жамандау, қаралау, жазғыру, түбінде батпаған балшыққа батырып, түспеген отына түсіріп бітеміз.
Кішкентайымыздан «елден ұят», «ел не дейді» деген мүмкін жақсы, мүмкін жаман сөздерді есіп өскен халықтың баласымыз. Елден ұят болмасын деп жақсы сөйлейміз, жақсы көрінуге тырысамыз, әйтәуір жұрт мақтасын деп мақтанамыз. «Ел не дейді» деп сүйікті қызымызды сүйкімсізге қалдырамыз. Оңбаған болса да, елден ұят деп қызымызды табалауына рұхсат бергендей боламыз. Ел өсектемесін деп, елдің сөзі үшін өмір сүретіндейміз. Жазушы О.Бөкейдің Таған кейіпкері айтпақшы, неге біз осы елдің сөзі үшін емес, елдің өзіне қызмет етпейміз? !
Ауыз әдебиетке ертегі, жыр – дастандар, аңыз – әңгімелерді жатқызсақ, бүгінде аталған ауыз әдебиеті үлгілерінің ешқайсысы айтылмай келеді. Тек кітап ішінде ғана. бүгін айтылатын бір – ақ нәрсе – өсекті тоқтатып, ауыз әдебиетімізді жалғастыру бізге міндет. Ойланайық…
Hello world!
12 Feb 2011 1 пікір
Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!
Соңғы пікірлер